Франция атом стансасын салады

Макрон халыққа үндеу жолдап, коронавирус індеті және экономика жөнінде мәлімдемелер жасады.

1731831
Франция атом стансасын салады

Франция президенті Эммануэль Макрон елінің энергия саласындағы тәуелсіздігін кепілге алу үшін ондаған жылдан кейін қайтадан атом стансасын салатындарын білдірді.

Макрон халыққа үндеу жолдап, коронавирус індеті және экономика жөнінде мәлімдемелер жасады.

Ол елде таласқа және қақтығыстарға жол ашқан зейнеткерлік реформасына байланысты жұмыстың қайта басталуы үшін қажетті шарттардың қалыптаспағанын айтты. Елде ішкі қауіпсіздікке байланысты заң жобасының дайындалғанын айтып, осылайда полицияға артық мүмкіндік берілетінін білдірді.

Францияның энергия саласындағы тәуелсіздігін кепілде алу мақсатымен ондаған жылдан кейін атом электр стансасын салуға шешім бергендерін айтқан Макрон жаңаланатын энергия инвестициялардың да жалғасатынын атап көрсетті.

Макрон елінің көптеген салада 2030 жылға дейін 30 миллиард евролық инвестиция салатынын білдірді.

Францияның білім беру, индустрия және егіншілік аласында «үлкен күш» екенін көрсете алатынын тілге тиек еткен президент әлемдегі көптеген ел тұрақсызданып жатқан кезеңде Францияның 2022 жылдың басында Еуропа Одағының кезекті төрағалығын қабылдап алатынын еске салды.

Ол әлі екпе салдырмаған 6 миллион адамды вакцина салуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар