Вакцина салдырмағандарда өлім ықтималы 16 есе көп

Осы өлімдердің жас орташасы – 82.

1731482
Вакцина салдырмағандарда өлім ықтималы 16 есе көп

Коронавирус вакцинасын салдырмағандардың қайтыс болу ықтималы 16 есе көп екені дәлелденді.

Австралияның Жаңа оңтүстік Уэльс штатынан алынған деректерге қарағанда Дельта штамы пайда болғаннан кейін 4 ай бойы қайтыс болған 412 кісінің тек 11 пайызы ғана екпе салдырған.

Осы өлімдердің жас орташасы – 82.

Реанимацияда жатқан науқастардың тек 3 пайызы екі доза екпе салдырған. 16 маусым-7 қазан күндері арасында тіркелген 61 мың 800 жағдайдың 63 пайызынан көбі вакцина салдырмаған.

Есептің нәтижесі қыркүйек айында вакцина салдырған кісілердің коронавирустан қайтыс болу ықтималының вакцина салдырғандардан 11 есе көп екенін білдірген АҚШ Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының деректерімен сай келеді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар