Израиль Сирияға әуе шабуылы жасады

Израильдің Сириядағы кейбір әскери бекеттерге әуе шабуылы жасағаны алға тартылды.

1731165
Израиль Сирияға әуе шабуылы жасады

Сирия режимі Израильдің елдің орталық және жағалау аймағындағы кейбір әскери орындарға әуе шабуылы жасағанын алға тартты.

Сирия ақпарат агенттігі SANA режимнің қорғаныс министрлігіндегі әскери дереккөзге сілтеме жасаған хабарында Израильдің жергілікті уақытпен сағат 19:16-да елдің орталық және жағалау аймақтарындағы кейбір әскери бекеттерді әуе шабуылымен нысанаға алғанын алға тартты.

Хомус және Тартус провинцияларында қатты жарылыстардың естілгені алға тартылған хабарда 2 режим әскерінің де жараланғаны алға тартылды.

Хабарда «Әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері Бейруттің солтүстігінен келген жау зымырандарының көпшілігін атып түсірді» делінді.

Хомус пен Тартуста режим армиясына қоса Иран төңкеріс сарбаздарының бақылауындағы шетелдік лаңкестік топтар мен Ливан Хизбулласына тиесілі әскери пункттер бар.

Израиль билігі шабуылға қатысты қазірше мәлімдеме жасаған жоқ.

Израиль азаматтық соғыс басталған 2011 жылдан бері Сирияда Иран қолдайтын топтар мен режимге тиесілі әскери бекеттерге қарсы шабуылдар жасауда.



Ұқсас жаңалықтар