АҚШ жаңа зеңбірек оғын сынады

АҚШ армиясы Абрамс танктеріне арналып жетілдірілген AMP 120mm XM1147 зеңбірек оғын сынады.

1729521
АҚШ жаңа зеңбірек оғын сынады

Америка Құрама Штаттары армиясы Абрамс танктеріне арналып жетілдірілген жаңа типті "Дамыған көп мақсаттағы" (AMP) 120mm XM1147 зеңбірек оғын сынады.

Америка Defence Blog-тың хабарына қарағанда АҚШ әскерлері жаңа типті зеңбірек оғын Аризона штатындағы әскери базада сынаған. 

15 жылдан астам уақыттық еңбектің нәтижесі екені білдірілген зеңбірек оғының күші сыналғаны, түрліше сценарийлерге және түрліше нысанағаларға бағытталған сынақ мақсатымен 86 оқ атылғаны жарияланды.

АҚШ армиясының қазір жеңіл сауытты және әуе нысаналары үшін M830 HEAT және M830A1 оқтарын қолданғаны, M1028 типті оғының құрлық жасақтары мен ұзақ аралықтағы нысаналар үшін, M908 оғының цемент қабырғалар сияқты қатты және өткел бермейтін қиын нысаналарды алуда қолданылғаны, жаңа типті "Дамыған көп мақсаттағы" AMP 120mm XM1147 зеңбірек оғының осылардың барлығын жасау қабілетіне ие екені білдірілді. 



Ұқсас жаңалықтар