Ковид алдағы уақытта басқаруға болатын вирус түріне айналады

Коронавирустың жаңа штамдарына байланысты клиникалық зерттеу жүріп жатыр.

1728126
Ковид алдағы уақытта басқаруға болатын вирус түріне айналады

Коронавирус вакцинасын бірінші болып жасап шығарған BioNTech компаниясының құрушылары Др. Өзлем Түрежи мен Проф. Угур Шахин індеттің қашан бітетіні туралы: «Жылдар өткен сайын вирус тұрғындардың кейбір топтарына жылына бір немесе екі рет екпесі салынатын грипп вирусына айналады. Алдағы уақытта коронавирус бақылауға болатын вирус түрі болады» деді.

Ковид-19-дың штамдарына тоқталған Шахин: «Қазір еріктілерден құралған шағын бір топта штамм вакциналарын сынап көріп жатырмыз.  Оңтүстік Африка бета штамына байланысты зерттеу аяқталып қалды. Дельта штамы үшін дерек жинақтау жүріп жатыр» деді.

Коронавирус індетінің болашағы туралы Түрежи: «Қазірден-ақ нақты айтылатын нәрсе – жаңа қалыпты жағдайдың орнығуы. Мұны сезініп отырмыз.  Вируспен қалай күресетінімізді үйреніп бастадық» деді.

Түрежи былай жалғастырды: «Халықтың көбінің иммунитеті қамдалғандықтан, еркін қозғалатын қалыпты өмір келеді.  Әрине тағы бірнеше жыл вируспен арпалысамыз. Жылдар өткен сайын вирус халықтың кейбір топтарына жылына бір немесе екі рет екпесі салынатын грипке айналады.  Коронавирус басқара алатын вирус түрі болады»

Проф. Шахин қазіргі ковид вакцинасын өзгертуге қажет жоқтығын білдіріп: «Қазіргі вакцинаны өзгерту керек емес.  Алайда жаңа штамдарға вакцина өндіріп, қазіргі вакциналар секілді сенімді екендерін дәлелдеу үшін клиникалық жағынан зерттей алатынымызды көрсеткіміз келеді. Алдымыздағы жылдары жаңа штамм ортаға шыққанда, вакцина керек болғанда мұны тез арада жасай алатын боламыз, себебі қажетті процедураны қалыптастырамыз.  Осының арқасында вакцинаның екі жылда бір жаңа вирус штамдарына үйлестірілуін жылдамдатамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар