Зеленский мен Лукашенко Ердоғанды мерекемен құттықтады

Александр Лукашенко мен Владимир Зеленский президент Режеп Тайып Ердоғанды 29 Қазан Республика мерекесімен құттықтады.

1726669
Зеленский мен Лукашенко Ердоғанды мерекемен құттықтады

Беларусь президенті Александр Лукашенко Түркияның жаһандық және аймақтық өреде белсенді рол атқарғанын айтып, Республиканың 100 жылдығында Түркияның президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында тың табыстарға қол жеткізетіне сенетінін білдірді. 

Беларусь президенті Александр Лукашенко президент Режеп Тайып Ердоғанды 29 Қазан Республика мерекесімен құттықтады.

Минсктің Анкарамен достық және өзара сенімді негіз еткен қарым-қатынасына тоқталған Александр Лукашенко:

"Беларусь үшін болғанындай Түркия үшін де егемендік пен тәуелсіздік елдің шайқалмас негізі" деді.

Украина президенті Владимир Зеленский президент Режеп Тайып Ердоғанды 29 Қазан Республика мерекесімен құттықтады.

Украина президенті Владимир Зеленский түрік халқы мен Ердоғанды Республиканың 98 жылдығымен құттықтайтынын білдірді.

Украина Сыртқы істер министрлігі де Твиттер желісінен 29 Қазан Республика мерекесіне орай үндеу жариялады. 



Ұқсас жаңалықтар