Ресей ғарышқа жүк көлігі жіберді

Ресейдің «Прогресс МС-18» пилотсыз жүк көлігі Байқоңыр ғарыш айлағынан ХҒС-қа ұшырылды.

1726077
Ресей ғарышқа жүк көлігі жіберді

Ресейдің «Прогресс МС-18» пилотсыз жүк көлігі Байқоңыр ғарыш айлағынан Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) ұшырылды.

Түркия уақытымен сағат 03:00-де Қазақстандағы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған көлік Ресей Федералдық ғарыш агенттігінің (РОСКОСМОС) ресми сайтында тікелей эфирде көрсетілді.

560 ккилограмм жанармай, 420 литр ауыз су және 1490 килограмм техникалық материал тасымалдайтын «Прогресс МС-18» жүк көлігі ХҒС-қа 30 қазан күні сағат 04.34-те келеді деп күтілуде.

Халықаралық ғарыш станциясы РОСКОСМОС, АҚШ Ұлттық Аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу ұлттық басқармасының (NASA), Еуропалық ғарыш агенттігінің (ESA), Канаданың ғарыш агенттігінің (CSA) және Жапонияның ғарышты зерттеу агенттігінің (JAXA) ынтымақтастығымен құрылды.



Ұқсас жаңалықтар