Еуропа Одағы Палестинаға қолдау көрсетуде

Еуропа Одағы әкімшілігі Израиль-Палестина мәселесінде екі мемлекеттік шешім жағында екенін білдірді.

1726163
Еуропа Одағы Палестинаға қолдау көрсетуде

Еуропа Одағы әкімшілігі Палестинаның мемлекет құру талпыныстарына қолдау көрсеткендерін білдіріп, Израиль-Палестина мәселесінде екі мемлекеттік шешім жағында екенін білдірді.

Палестина премьер-министрі Мухаммед Штайе Еуропа Одағы Кеңесі төрағасы Чарль Мишель және Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртібелі өкілі Жозеп Боррельмен Брюссельде кездесті.

Чарль Мишель Палестина премьер-министрі Мухаммед Штайемен кездескені жайлы мәлімдеме жасады. 

Мишель мәлімдемесінде "Палестинаның мемлекет құру талпыныстарына Еуропа Одағы қолдау көрсетуде. Еуропа Одағы екі мемлекеттік шешім жағында" деді.

Боррельдің офисінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртібелі өкілі Палестина халқына және Палестинаның мемлекет құруына Еуропа Одағының қолдауының жалғасатынын түсіндірді.

 



Ұқсас жаңалықтар