Тағы жеті мешіт жабылады

Францияда бүгінге дейін мұсылмандардың көптеген қауымдастығы жабылған болатын.

1725528
Тағы жеті мешіт жабылады

Францияда жылдың аяғына дейін тағы жеті мешіт пен қауымдастық жабылады.

Ішкі істер министрі Гералд Дарманин Алон қаласындағы бір мешіттің алты айлығына «радикал Исламды қолдағаны» себепті жабылу шешіміне риза екенін білдірді. Ол мешіт басшыларының банктегі есепшоттарының да бұғатталғанын айтып, президент Макрон міндетке бастағалы бері 13 қауымдастықтың жабылғанын білдірді.

Дарманин жылдың аяғына дейін тағы жеті мешіттің жабылатынын хабарлады. Себеп ретінде «радикал Исламды қолдау» деп көрсетті.

Елдегі 2500 шақты мешіттің 92-сіне тексеру жүргізілгеннен кейін 21-інің жабылғанын айтқан министр 2020 жылдың қыркүйек айынан бері 36 мың шетел азаматының «қоғамдық тәртіпке қауіп төндіргені» үшін ықтиярхатының күшін жойғанын білдірді.

Францияда бүгінге дейін мұсылмандардың көптеген қауымдастығы жабылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар