Қытайда "Дельта" штаммы үрей туғызды

Әкімшілік қызметкерлері жұмыстан босатылды.

1724680
Қытайда "Дельта" штаммы үрей туғызды

Қытайда коронавирустың "Дельта" шттамын тасымалдаушылар 11 аймаққа тарады.

Ұлттық денсаулық сақтау комиссиясының ауруларды бақылау кеңсесі директорының орынбасары Ву Лианоу 17 қазаннан бері Delta нұсқасын тасымалдаушы және бір көзден тараған 133 жергілікті жағдай анықталғанын хабарлады.

Ол эпидемиологиялық тексеру және іздестіру жұмыстары кезінде 133 жағдайдың 106-сының 13 туристік топтан тарағанының анықталғанын айтты.

Аурудың көптеген провинция мен аймақтарға таралуы Қытайдың «нөлдік жағдай» стратегиясына негізделген эпидемияны бақылау режимін қиындата түседі.  Ву бірақ сонда да індетті 1 ай ішінде бақылауға алуға болатынын айтты.

Туристік топтармен байланысы анықталмаған жағдайлардың көбейгенін атап өткен Ву алдағы күндерде ауру саны мен таралу аймақтарының артуы мүмкін екенін де білдірді.

Індетке немқұрайлылық танытқаны үшін 6 әкімшілік бөлімшенің лауазымды тұлғасы, оның ішінде Ежина денсаулық сақтау комиссиясының төрағасы қызметінен босатылды.

Екінші жағынан елдің солтүстігінде туризммен байланысты оқиғалар тіркелген Ішкі Моңғолия, Ниншя-Хуэй автономиялық аудандары мен Ганьсу провинциясындағы туристік істер тоқтатылды.

Мәдениет және туризм министрлігі туристік агенттіктерден орташа және жоғары рискті аймақтарға саяхатты тоқтатуды сұрады.



Ұқсас жаңалықтар