Нигериядағы жарылыста 25 кісі қаза тапты

Нигериядағы бір заңсыз мұнай өңдеу зауытында болған жарылыста балаларды қамтыған 25 кісінің қаза тапқаны, көптеген адамның жараланғаны білдірілді.

1724117
Нигериядағы жарылыста 25 кісі қаза тапты

Нигерияның Риверс уәлаятында заңсыз мұнай өңдеу зауытында болған жарылыста 25 кісі қаза тапты.

Уәлаятқа қарасты Румуекпе аймағының жауаптысы жергілікті баспасөзге жасаған мәлімдемесінде аймақтағы заңсыз мұнай өңдеу зауытында болған жарылыста балаларды қамтыған кемінде 25 кісінің қаза тапқанын, көптеген адамның жараланғанын айтты.

Мәлімдемеші жарылыста ондаған үйдің күлге айналғанын да хабарлап, үкіметті осындай заңсыз мұнай зауытына байланысты  шұғыл шара қолдануға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар