Жалпыхалықтық демалыс жарияланды

Путин Министрлер Кеңесімен және мемлекеттік орган басшыларымен онлайн жиналыс өткізді.

1722579
Жалпыхалықтық демалыс жарияланды

Ресей президенті Владимир Путин өз елінде коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) жаңа толқыны ең жоғары деңгейге жеткенін мәлімдеді. Және бүкіл елде демалыс жарияланғанын хабарлады. Демалыс кезінде қызметкерлерге жалақы төленеді.

Путин Министрлер Кеңесімен және мемлекеттік орган басшыларымен онлайн жиналыс өткізді.

Елде эпидемиялық жағдайдың өте қиынға түскенін атап көрсеткен Путин эпидемияның жұғу жылдамдығының көптеген аймақта едәуір артқанын және Ковид-19-ға қарсы вакцинация жылдамдығының төмен екенін мәлімдеді.

Бұл жағдайда шара қолдану керектігін атап көрсеткен Путин: «Біздің міндетіміз - азаматтардың өмірі мен денсаулығын мүмкіндігінше қорғау. Бұл үшін эпидемияның жылдамдығын тоқтату маңызды. Сондықтан денсаулық сақтау жүйесінің резервтері мен мүмкіндіктерін жұмылдыру қажет” деді.

Путин науқас азаматтардан сыртқа шықпауды сұрады және сөзін былай жалғастырды: «Қазір жаңа толқынның шыңын төмендету өте маңызды. Осы жағдайды ескере отырып, мен 30 қазан мен 7 қараша аралығында жалпыхалықтық демалыс жариялау туралы ұсынысты қолдаймын».

Президент жергілікті әкімдіктер өз аймақтарындағы эпидемиялық жағдайдың қарқындылығына байланысты 23 қазаннан бастап демалыс туралы шешім қабылдай алатынын айтты. Ол азаматтарды оқшаулану шараларын орындауға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар