Pfizer вакцинасы жастарға өте ықпалды

Pfizer-BioNTech вакцинасының 12-18 жас аралығында 93 пайызға ықпалды болғаны жарияланды.

1722452
Pfizer вакцинасы жастарға өте ықпалды

Америка Құрама Штаттарында Pfizer-BioNTech вакцинасының 12-18 жас аралығында 93 пайызға ықпалды болғаны жарияланды.

АҚШ Ауру бақылау және алдын алу орталықтарының жаңа зерттеуіне қарағанда, Pfizer-BioNTech вакцинасы 12-18 жас аралығында азаматтардың ауруханаға жатуын алдын алу тұрғысынан 93 пайыз тиімді.

Зерттеу үшін маусым-қыркүйек айлары арасында 19 балалар ауруханасындағы ковид науқастары зерттеуге алынды. Ұйым 179 науқас баланың тек 3 пайызының вакцина салдырғанын, 97 пайызының вакцина салдырмағанын білдірді.  Осы науқастар арасында жасанды тыныс алу жиһазына қосылған 29 науқас және қайтыс болған екі науқастың вакцина салдырмағаны білдірілді.

Осы ұйым Америка Құрама Штаттарында 5-11 жас аралығындағы балаларға екпе салдыру үшін дайындалған кезеңде осы зерттеудің жас тұрғындардың екпе алуының вирустың таралу жылдамдығын азайтатынын атап көрсетті.

Зерттеу нәтижесі ковид вакциналарының жастарға әсері тақырыбында бүгінге дейін жарияланған ең мықты айғақ болып саналады.

Ұйымның деректеріне қарағанда, осы елде 12-15 жас арасындағы жасөспірімдердің 46 пайызы,  16-17 жас аралығының болса 54 пайызы вакциналарын тамамдады.



Ұқсас жаңалықтар