Ауғанстандағы шабуылда 47 адам қаза тапты

Фатымие мешітіне жасалған екі бомбалы шабуылда қаза тапқандардың саны 47 -ге ұласты.

1720467
Ауғанстандағы шабуылда 47 адам қаза тапты

Ауғанстанның Кандагар уәлаятында кеше Фатымие мешітіне жасалған екі бомбалы шабуылда қаза тапқандардың саны 47 -ге ұласты.

Мешіттің қауіпсіздікке жауапты қызметкері Муртаза уәлаят орталығында орын алған ең үлкен мешітке жұма намазы барысында бомбалы шабуыл ұйымдастырылғанын баяндады.

Жергілікті лауазым иелері шабуылда 47 адамның көз жұмғанын және көптеген адамның жарақат алғанын білдірді.

 



Ұқсас жаңалықтар