Путин Ауғанстанға жәрдем беруді ұсыныс етті

Путин Талибанды тану үшін асықпау керектігін және ауғандар арасындағы ымыраласу процесі мен елдегі жағдайды жақсартуға қолдау берілуі керектігін білдірді.

1720384
Путин Ауғанстанға жәрдем беруді ұсыныс етті

Ресей президенті Владимир Путин Талибан құрған уақытша үкіметтің ауған қоғамының барлық саласын қамтымағанын айтты.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің лидерлер саммитіне интернет арқылы қатысқан Путин Ауғанстандағы жағдайға алаңдап отырғандарын айтып:

"Бұл жағдай Орталық Азия елдері және кейбір елдердің осы аймақтан алыс болғанына қарамай, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы барлық салаға қауіп төндіруде, террор және есірткі қашыруға қарсы ортақ талпыныстарды көбейту керек" деді.

Кейбір террор ұйымдарының Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің шекарасына орналасқанына меңзеген Путин:

"Санағымызға қарағанда Ауғанстанның солтүстігінде ДАИШ мүшесінің саны 2 мың төңірегінде. Олардың лидерлері Орталық Азия елдері мен Ресей аймақтарына бағытталған ықпалын арттыру үшін жоспар жасауда. Этникалық және секта қақтығыстары мен діни өшпенділікті айтақтау ойындарын ойнауда" деп көрсетті. Путин осы террористердің Ауғанстаннан Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдеріне босқын атымен кіру ниетінде екенін айтты.

Владимир Путин.

"Талибан құрған уақытша үкімет өкінішке орай ауған қоғамының барлық саласына өкілдік етпейді. Сонымен бірге жалпы сайлау өткізу ниетін жариялады. Мемлекеттік органдардың қалыпты жұмыстануын қайта бастау шаралары жалғасуда. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері аясында осы уәделердің атқарылып-атқарылмайтынын бірге көреміз" деді. 

Путин Талибанды тану үшін асықпау керектігін және ауғандар арасындағы ымыраласу процесі мен елдегі жағдайды жақсартуға қолдау берілуі керектігін білдірді. 



Ұқсас жаңалықтар