Қытай мен Ресей бірлескен жаттығу бастады

Аталмыш жаттығу жексенбі күніне дейін жалғасады.

1719959
Қытай мен Ресей бірлескен жаттығу бастады

Қытай мен Ресей Сібірде теңіз жаттығуын бастады.

Global Times газетінің хабарына қарағанда, «Бірлескен Теңіз 2021» атты оқу-жаттығу Ресейдің Владивосток қаласына жақын Ұлы Петр шығанағында өтіп жатыр.

«Жаттығу  Қытай және Ресей флоттарының хабарласу, минадан сақтану, ұшақсоғыр және сүңгуірсоғар әлеуеттерін қолдану арқылы ортақ маневр және теңіз нысандарына бірігіп оқ ату қабілеттерін жетілдіруді мақсат етеді» деп айтылды.

Қытай сүңгуірсоғар ұшақтары мен он мың тоннадан асатын әскери кемелерін бірінші рет шетелде қолданып отыр.  Аталмыш жаттығу жексенбі күніне дейін жалғасады.



Ұқсас жаңалықтар