Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 30 адам ажал құшты

Талибан күштері шабуыл жасалған мешітке баратын жолдарды жауып тастады.

1720204
Ауғанстандағы бомбалы шабуылда 30 адам ажал құшты

Ауғанстанда Талибанның қамалы деп аталған оңтүстіктегі Кандагар уәлаятындағы шиіттердің Фатымие мешітіне екі  бомбалы шабуыл жасалды. Жанкешті шабуылда 30 адам көз жұмды, 200-ден астам адам жарақат алды. 

Мешіттің қауіпсіздікке жауапты қызметкері Муртаза Зарифтің айтуына қарағанда уәлаяттың орталығында орын алған мешітке жұма намазы барысында бомбалы шабуыл жасалды.

Шабуылда 30 адам ажал құшты, 200-ден астам адам жарақат алды.

Талибан күштері шабуыл жасалған мешітке баратын жолдарды жауып тастады.

Өткен аптада елдің солтүстігіндегі Кундуз уәлаятындағы шиіттердің бір мешітіне де шабуыл жасалып, 46 адам қаза тапқан еді.  Осы шабуылдың жауапкершілігін ДАИШ террорлық ұйым өз мойнына алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар