Испаниядағы жанартаудан лаваның атқылауы күшейді

Испанияда жанартаудан атқылаған лава соңғы 24 сағатта тағы 90 үйді қиратты.

1719619
Испаниядағы жанартаудан лаваның атқылауы күшейді

Апат аймағынан адамдар кетіп жатыр.

Испанияның Ла-Пальма аралындағы жанартаудың атқылауы жалғасып, апат аймағынан адамдар кетіп жатыр.

Испанияда жанартаудан атқылаған лава соңғы 24 сағатта тағы 90 үйді қиратты. 

Испаниядағы аралда жанартаудың атқылауынан қираған үй мен ғимарат саны 1548-ге ұласты.

Аймақта осы таңға дейін 6 мың 400 адам эвакуацияланды.

Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Ла-Пальма аралында Кумбре-Вьеха жанартауы атқылап, апат аймағынан 7 мыңдай адам эвакуацияланған еді. Әуежай жабылып, адамдар теңіз арқылы кетуге мәжбүр.

 



Ұқсас жаңалықтар