Эболаға қарсы вакцинация басталды

Конгода эбола індеті қайта басталды.

1719741
Эболаға қарсы вакцинация басталды

Конго Демократиялық Республикасының шығысында бес айдан кейін эбола індеті қайта басталды.  Індетке қарсы вакцинация жүріп жатыр.

Ұлттық баспасөзде жарияланған хабарға қарағанда, 9 қазан күні бірінші рет эбола байқалған Бени аймағында вакцинация басталды.

Бас қаладан осы аймаққа эбола вакцинасы мен басқа да медициналық жабдық жеткізілді.

Эбола жұққан адамдармен байланыста болған алғашқы 100 кісіге екпе салынды.

Денсаулық сақтау министрі 9 қараша күні Бени ауруханасында 3 жасар балада вирус анықталғанын хабарлаған еді.

Эбола вирусы 2013 жылдың желтоқсан айында Батыс Африкада кең тарады.  Гвинея, Либерия және Сьерра-Леонеде 2014-2017 жылдар арасында 30 мың адамға вирус жұғып, 11 мыңнан астам адам қайтыс болған еді.



Ұқсас жаңалықтар