Меркель Ауғанстанға көмектесуге шақырды

Канцлер Ауғанстандағы хаосқа қарап отырмау керектігін айтты.

1718723
Меркель Ауғанстанға көмектесуге шақырды

Германия канцлері Ангела Меркель Ауғанстанда экономикалық қираудың халықаралық көмек арқылы алдын алу керектігін айтты.

Ангела Меркель Ауғанстан тақырыпты Үлкен 20 кезектен тыс лидердер саммитінің артынан баспасөз брифингін ұйымдастырды.

«Электр қуаты қамдалмағандықтан, қаржы жүйесі болмағандықтан Ауғанстанда 40 миллион адамның хаоста екеніне қарап отыру халықаралық қоғамның мақсаты емес және болмауы керек» деді ол.

Ауғанстанда қаржы жүйесінің қирауының ешкімге пайда келтірмейтініне назар аударған канцлер: «Онда гуманитарлық көмек те жеткізілмейді» деді.

Канцлер Меркель Халықаралық валюта фонды және Әлемдік банкке Ауғанстандағы қаржы жүйесін аман алып қалуда үлкен жауапкершілік жүктелетінін айтты. Ол айырықша терроризммен күрестің маңыздылығына назар аударып, Ауғанстанның сыртқы әлемге қатер төндірмеуі керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар