АҚШ Түркияға бағытталған опасыз шабуылды айыптады

АҚШ: Сирияда қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыс-тамырларына көңіл айтамыз.

1718753
АҚШ Түркияға бағытталған опасыз шабуылды айыптады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сирияда шейіт болған екі түрік полициясының отбасына көңіл айтып,опасыз шабуылды айыптады.

АҚШ Сыртқы істер министрлері баспасөз хатшысы Нед Прайс күнделікті баспасөз брифингінде бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның Түркияға бағытталған шабуылдарын бағалады.

Прайс YPG/PKK-ның атын атамай, «НАТО одақтасымыз Түркияны нысанаға алған опасыз шабуылды айыптаймыз. Сирияда қаза тапқан полиция қызметкерлерінің туыс-тамырларына көңіл айтамыз» деді.

АҚШ-тық мәлімдемеші «Атысты тоқтату аймақтары ережесіне бүкіл тараптардың бағынуы, Сирияда тұрақтылықты күшейту және саяси шешімге ұмтылу тұрғысынан аса маңызды» деді. Прайс «Түркия маңызды НАТО одақтасымыз және терроризммен күрестен бастап, Сириядағы қақтығысты тоқтатуға дейін көптеген салада ортақ мүдделеріміз бар. Сирия саясаты бойынша Анкарамен жақын ынтымақтастығымыз жалғасуда» деді.



Ұқсас жаңалықтар