Сирияның Ирак шекарасында әуе шабуылы

Қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен жасалған шабуылдарда 7 жарылыстың даусы естілді.

1718118
Сирияның Ирак шекарасында әуе шабуылы

Сирияның Ирак шекарасына жақын Әл-Букемал ауданында Башар Асад режимі жағында орын алған Иран қолдауындағы террорист тобына тиесілі 3 әскери түйінге ұйымдастырылған әуе шабуылда қаза тапқан және жарақат алғандардың болғаны білдірілді.

Дейр-эз-зор уәлаятына қарасты Әл-Букемал ауданының шығысында Иран қолдауындағы топтарға тиесілі 3 әскери түйін әуе шабуылмен нысанаға алынды.

Қайсы елге тән болғаны әлі белгісіз қарулы ұшқышсыз әуе аппараттарымен жасалған шабуылдарда 7 жарылыстың даусы естілді.

 



Ұқсас жаңалықтар