"Еврей қоныстанушылардың санын екі есе арттырғымыз келеді"

Беннет аймақ жөніндегі жоспарларын жариялады.

1718013
"Еврей қоныстанушылардың санын екі есе арттырғымыз келеді"

Израиль премьер-министрі Нафтали Беннет оккупациядағы Сирия жері Голан төбелеріндегі еврей қоныстанушылардың санын екі есе арттырғысы келетіндерін айтты.

Беннет «Голан төбелері Экономикалық және аймақтық даму конференциясында» аймақ жөніндегі жоспарларын жариялады.  Голан төбелеріне байланысты ұлттық жоспарды бекіту мақсатымен бір жарым айдан кейін үкімет бас қосатынын білдірген премьер-министр: «Мақсатымыз – Голан төбелерінде өмір сүретіндердің санын екі есе арттыру» деді.

Бұдан бұрынғы АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің «Израильдің Голан төбелеріндегі билігін» танығанын еске салған Беннет Джо Байден әкімшілігінің де осындай көзқараста екенін алға тартты.

Ол Тегеран билігінің Голан төбелері шекарасында жаңа бір армия құруды мақсат еткенін алға тартты.

Израиль Сирияның жері Голан төбелерін 1967 жылдан бері басып алып отыр.



Ұқсас жаңалықтар