Гутерреш Талибанды уәделерін орындауға шақырды

БҰҰ Бас хатшысы әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау үшін Тәліптерге шақыру жасады.

1718288
Гутерреш Талибанды уәделерін орындауға шақырды

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Бас хатшысы Антониу Гутерреш Тәліптердің әйелдер мен қыздардың құқықтарын қорғау туралы уәдесінде тұрмағанына қатты алаңдаушылық білдіріп, шақыру жасады.

Гутерреш БҰҰ штаб-пәтерінде журналистерге Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыстың өршіп бара жатқанын және мұның халықтың жартысын құрайтын 18 миллионға жуық адамға теріс әсер ететінін айтты.

Талибанның елді бақылауға ала салып елдің активтерін кепілдікке алынуы және өркендеу жәрдемдерінің тоқтатылуымен экономиканың құлдырауға жеткеніне назар аударған Гутерреш «Біз қайтадан экономикаға тыныс алдыратын жолдарды табуымыз керек» деді.

Гутерреш мұның халықаралық заңдар немесе ережелерді бұзбай-ақ жасауға болатынын атап, құлдыраудың алдын алу үшін экономиканы өтімділікпен қамтамасыз етуге шақырды.

«Мені әсіресе Тәліптердің ауған әйелдері мен қыздарына берген уәделерін орындамауы алаңдатады» деген Гутерреш «Талибанды халықаралық адам құқықтары мен гуманитарлық заңдар бойынша өз міндеттемелерін және әйелдер мен қыздарға берген уәделерін орындауға шақырамын» деді.

Ауғанстан экономикасының 80 пайызының бейресми екенін және әйелдердің экономикада басым рөлге ие екенін баса айтқан Гутерреш «Әйелдер болмай, Ауғанстан экономикасы мен қоғамын қалпына келтіру мүмкін емес» деді.

БҰҰ Бас хатшысы Гутерреш «Егер біз ауғандықтарға көмектесу үшін тез қозғалмасақ, бұл ауырпалық тек олар емес, бүкіл әлемді шығынға ұшырайды» деді.

Ауған халқын Талибан себепті жаппай жазалауға болмайтынын және БҰҰ-ның Талибаннан мұқтаж жандарға көмек жеткізу үшін кедергісіз орта талап еткенін білдірген Гутерреш ауған экономикасына үкіметтік емес ұйымдар және БҰҰ арқылы өтімділікті қамтамасыз етуге болатынын ұсынды.



Ұқсас жаңалықтар