АҚШ Грекияға 15 дана F-15 жойғыш ұшағын жіберді

АҚШ жойғыш ұшақтарды Castle Forge жаттығуына қатысу үшін Грекияда жіберілгенін хабарлады

1718225
АҚШ Грекияға 15 дана F-15 жойғыш ұшағын жіберді

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Грекияға 15 дана F-15 жойғыш ұшағын жіберді.

АҚШ әуе күштері елдің әр түрлі базаларында орналасқан F-15E Strike Eagle ұшақтарының АҚШ-тың Еуропа-Африка әуе күштері қолбасшылығының басшылығымен өткізілетін Castle Forge жаттығуына қатысу үшін Грекиядағы Лариса әскери әуе базасына жіберілгенін хабарлады.

Мәлімдемеде Castle Forge жаттығуының АҚШ-тың Қаратеңіз аймағында ұжымдық қорғаныс стратегиясына арналған НАТО одақтастарымен өзара ынтымақтастығын қамтамасыз етуге және дағдарыс кезінде бірлескен күштердің икемді түрде жауап қайтару қабілетін жоғарлатуды мақсат еткені атап көрсетілді.

F-15 ұшақтарының 3 қатар алдымен Ұлыбританияда тоқтағаны, кейін Грекияға барғаны білдірілді. Жаттығуға АҚШ-қа қоса Румыния, Болгария, Грекия және Канада қатысатыны айтылды.

Грекия армиясы мәлімдемесінде бұл ұшақтардың «жаттығудан тыс қажеттіліктерден» елге келгенін мәлімдеді.

Грекия Бас штаб басқармасы мәлімдемесінде американдық F-15 ұшақтарының «жетілген қорғаныс және агрессивті авиация тактикасы, терминалды шабуылдың біріккен бақылауы мен әуе қолдауы, әуе шайқасы, қорғаныс, құрлық пен теңіз нысандарына шабуыл және әскери-теңіз флоттарына соғыс қолдауы» бойынша Грек армиясымен жаттығулар өткізетіні атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар