Тунисте жаңа үкімет жарияланды

Тунисте Некла Буден Рамазан ел тарихынын тұңғыш әйел премьер-министрі болып сайланды.

1717840
Тунисте жаңа үкімет жарияланды

Тунисте үкіметті құру міндеті жүктелген Некла Буден Рамазан 23 министрден тұратын жаңа министрлер кабинетін жариялады.

Буден мен кабинеті Президенттікте өткен салтанатта ант ішіп міндеттерін бастады.

25 шілде күні Президент Кайс Саид қабылдаған төтенше шешімдермен Мәжілістің қызметі тоқтатылып, премьер-министр отставкаға жіберілді. Арадан екі ай уақыт өткен соң 28 қыркүйек күні үкіметті құру міндеті Буденге тапсырылған болатын.

Сонымен қатар ғалым болған Буден Араб әлемі мен Тунистің тұңғыш әйел премьер-министрі болды.

Көпшілігі технократтардан құралған Үкімет кабинетінде премьер-министр Некла Буден Рамазан, Әділет министрі Лейла Джеффал, Қорғаныс министрі Имад Мемиш, Сыртқы істер министрі Осман эл-Джеранди және Ішкі істер министрі Тевфик Шерафеддин болды.



Ұқсас жаңалықтар