Ресейде 22 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

Татарстан Президенті Рүстем Минниханов 11 қазан күніне дейін аза жариялады.

1717323
Ресейде 22 адам мінген ұшақ апатқа ұшырады

РФ Татарстан Республикасында парашютшылар мінген орыс L-410 ұшағы апатқа ұшырап, 16 адам қаза тапты.

Орыс баспасөзінің Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі лауазымдыларына негіздеген хабарға қарағанда Татарстанның Минзеле қаласы маңында орналасқан әуежайынан азанғы уақытта көпшілігі парашютшылардан тұратын 22 адам мінген ұшақ көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшырады.

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда 16 адам қаза тауып, жарақат алған 6 адам ауруханаға жеткізілді.

Ұшақтың Ресейдегі армия мен әуе және теңіз күштеріне ерікті көмек тобына тиесілі екені аталып, оқиға туралы тергеу ашылғаны білдірілді.

Татарстан Президенті Рүстем Минниханов оқиға орнын тексеріп, ұшақтың қозғалтқыштың істен шығуына байланысты құлағанын мәлімдеді.

Минниханов «Ұшақ көтеріліп 70 метр биіктікке жеткен соң ұшқыштар сол жақтағы қозғалтқыш істен шыққанын хабарлады және шұғыл қонуға рұқсат сұрады» деді.

Минниханов апаттың артынан Татарстанда 11 қазан күніне дейін аза жарияланғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар