Қайтадан төлқұжат бере бастады

Елде билік ауысқаннан бері төлқұжат берілмей келген еді.

1715096
Қайтадан төлқұжат бере бастады

Талибан билікке келгеннен кейін тоқтатылған төлқұжат беру ісі бүгін қайта басталды.

Елде билік ауысқаннан бері төлқұжат берілмей келген еді.

Кабул Төлқұжат департаменті төрағасының уәкілі Алим Гул Хаккани бүгін баспасөз брифингін ұйымдастырып, қайтадан төлқұжат бере бастағандарын хабарлады.

Хаккани: «Кабулда және басқа қалаларда төлқұжат тапсыру процесі басталды» деді.

Ол 25 мың төлқұжаттың табысталуға дайын екенін айтып, процесс басталғаннан кейін Ішкі істер министрлігіне қарасты Кабул Төлқұжат департаментінде жұмыс істейтін әйелдердің көбігінің жұмысқа кері оралғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар