Ресейде "Delta plus" штаммы артты
Ресей Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко вакцинация процесінің баяулағанын білдірді.
Ресейде жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетінің жағдайы ауыр екені білдірілді.
Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин лауазымдылармен видео конференция арқылы өткізген жиналыста елдегі Ковид-19 індетінің жағдайына байланысты мәлімдеме жасады.
Ресейде індет жағдайының нашарлағанын айтқан Михаил Мишустин:
"Елімізде коронавирустың жағдайы нашар. Оқиға саны артуда. Күніне 20 мыңнан астам адамның вирус жұқтырғаны анықталуда" деді.
Ресей Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко вакцинация процесінің баяулағанын білдіріп:
"49 миллион орыс азаматы вакцинаның 1-ші компонентін ектірді. Вакцинаның 2-ші компонентін салғызған кісі саны 40 миллион" деді.
Ресейдің адам денсаулығы мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау қызметінің басшысы Анна Попова соңғы үш аптада елдің 56 аймағында Ковид-19 індеті асқынғанын және қыркүйекте анықталған оқиға санының 97 пайызы Үндістанда пайда болған "Delta plus" штаммы екенін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.