Samsung және LG компанияларына тыйым салынды

Иран Samsung және LG-дің тұрмыстық бұйым өнімдерін сатып алуға тыйым салды.

1712681
Samsung және LG компанияларына тыйым салынды

Иран президенті Ибрахим Реиси ел лидері Әли Хаманейдің нұсқауына орай Оңтүстік Корея компаниялары Samsung және LG-дің тұрмыстық бұйым өнімдерін сатып алуға тыйым салды.

Иран лидері Әли Хаманей президент Реисиге жазған хатында импорттың  «отандық өндірушіге зиян келтіргенін және алдын алу керектігі» нұсқауын берді.

Реиси де қатысты министрліктерге Оңтүстік Кореяның аталмыш екі компаниясының өнімдерін сатып алуға тыйым салынғаны жөніндегі бұйрықты жіберді.

Иран презденті 10 қыркүйекте Америка Құрама Штаттары санкцияларды бастаған 2018 жылы елден инвестициясын әкеткен және Иранға экспортты тоқтатқан Оңтүстік Корея компанияларының өнімдерінің енді керек еместігін,  осы елден «мөлшерден тыс импортқа» рұқсат бермейтіндерін білдірген болатын.

Samsung және LG компаниялары Иранның тұрмыстық бұйымдар және смартфон нарығында көптеген жылдар көш бастап келеді.



Ұқсас жаңалықтар