Косово мен Сербия нөмір дағдарысының шешімінде келісті

Күнімен жалғасқан келіссөздердің соңында дағдарысқа уақытша болса да шешім табылғаны жарияланды.

1712652
Косово мен Сербия нөмір дағдарысының шешімінде келісті

Еуроодақ (ЕО) Белград-Приштина келіссөздері арнайы өкілі (Мирослав Лайчак) кеше Бельгияның бас қаласы Брюссельде Сербия мен Косовоның келіссөз жүргізушілерімен бас қосты.

Күнімен жалғасқан келіссөздердің соңында дағдарысқа уақытша болса да шешім табылғаны жарияланды.

Мәлімдемені Брюссельдегі келіссөздерге Косово атынан қатысқан вице-премьер Бесник Бислими жасады. Автокөлік нөмірлері тақырыбында тараптар арасында принципті түрде келісім жасалғанын түсіндірген Бислими нақты жобаның Сербияның бекітуінен өтуін күткендерін атап көрсетті.

Вице-премьер екі елдің дүйсенбі күнінен бастап автокөлік нөмірлерін ауыстырудың орнына жапсырмаларды қолдану тақырыбында келіскенін, мұның еркін көлік қатынасына тұрақты шешім табылғанға дейін уақытша жалғасатынын білдірді.

Келіссөздер барысында шекара бекеттеріндегі баррикадаларды алып тастау және шекаралық аймақтағы Косово полициясының орнына НАТО бастаған бейбітшілік күші әскерлерінің міндет атқаруына шешім қабылданды.

Косово шекарасына жақын орналасқан Сербия армиясы бөлімшелерінің кері шегінгені және Рашка ауданындағы казармаға оралғаны хабарланды.

Косовоның 20 қыркүйек күнінен бастап серб нөмірлі көліктерді шекарадан өткізбеуі және елге кіретін көліктерге уақытша Косово мемлекеттік нөмірін беруді, екі ел арасында дағдарыс тудырған болатын.



Ұқсас жаңалықтар