Эквадор түрмесіндегі төбелесте 116 адам қаза тапты

Мемлекетте 23 шілдеде екі түрмеде қылмыскерлер арасында шыққан ереуілде 23 адам көз жұмған, 35 адам жарақат алған еді.

1712512
Эквадор түрмесіндегі төбелесте 116 адам қаза тапты

Оңтүстік Америка елі Эквадорда түрмеде қылмыскерлер арасында болған төбелесте қаза тапқандар саны 116-ға, жарақат  саны болса 80-ге шықты.

Эквадор Президенті Гильермо Лассо ұйымдастырған баспасөз жиналысында мемлекеттегі барлық түрмелердің жүйесінде 60 күндігіне төтенше жағдай жарияланғанын білдірді.

Түрмеде қылмыскерлер арасында шыққан қақтығыстарға қайғырғанын түсіндірген Лассо "Оқиғаларды тыныштандыру үшін бірінші қадамымыз ел көлемінде түрмелерде төтенше жағдай жариялау болды" деген сөздер қолданды.

Мөлшермен 38 мың тұтқын және қылмыскер болған Эквадор түрмесінде қылмыскерлер арасында шыққан оқиғалар анда-санда ереуілмен аяқталуда.

Мемлекетте 23 шілдеде екі түрмеде қылмыскерлер арасында шыққан ереуілде 23 адам көз жұмған, 35 адам жарақат алған еді.



Ұқсас жаңалықтар