PKK Синджарда 52 тұрғынды алып қашты

Террор ұйымы PKK Ирактың Мосул қаласына қарасты Синджар ауданында 52 адамды алып қашты.

1711915
PKK Синджарда 52 тұрғынды алып қашты

Орталығы Эрбильдегі «Kurdistan 24» хабар агенттігі Пешмерга қолбасшысы Шемо Идоның тақырыппен байланысты мәлімдемеcіне орын берді.

Идо PKK-ның Синджарда 52 адамды алып қашқанын және олардың тағдырының осы уақытқа дейін белгісіз екенін айтты.

Ирак үкіметі мен Ирак күрд аймақтық әкімшілігі арасында 2020 жылдың 9 қазан күні қол қойылған және Синджарда PKK-ның болмысын жоюды қамтитын келісімінің артынан PKK террор ұйымы Ирак күрд аймақтық әкімшілігі аймағындағы террор шабуылдарын арттырды.

Синджар келісіміне мазасызданған PKK басып алған аймақтарда себеп болған тұрақсыздықты террор әрекеттерімен Ирактың солтүстігіне таратуға және Синджарға ауған назарды басқа жаққа ауытқуға тырысқаны байқалуда.

Ирак Күрд Аймақтық Әкімшілігі аймағында жүздеген ауылды басып алған, бейбітшіл шерулерін қақтығысқа айналдырған және дипломатиялық миссияларды нысанаға алған PKK-ның Синджар келісімінің артынан Пешмерга, полиция, мемлекеттік қызметкерлер және бейбіт тұрғындарды жиі нысанаға алғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар