Зимбабведе мемлекетттік қызметкерлердің вакцина салдыруы үшін заң шықты

Екпе ектірмегендер жұмысқа бара алмайды, айлық ала алмайды.

1711527
Зимбабведе мемлекетттік қызметкерлердің вакцина салдыруы үшін заң шықты

Зимбабве үкіметі мемлекеттік қызметкерлерге коронавирус вакцинасын салдыруды міндеттендіретін заңды бекітті.

Елдің ресми газетінде жарияланған заңға сәйкес, елдегі мемлекеттік қызметкерлердің барлығы 15 қазан күніне дейін екі доза вакцина салдыруы керек. Вакцина ектірмеген кісілер 16 қазан күнінен кейін жұмысқа келе алмайды,  айлықтарын ала алмайды.

Екпе ектірмеу үшін орынды себептері бар азаматтарға 31 желтоқсан күніне дейін рұқсат беріледі.

Зимбабведе үкімет бұдан бұрын мемлекеттік қызметкерлерді вакцина салдыруға шақырды, салдырмаса отставака кетулерін талап етті.

Зимбабве -  Африкада вакцинация жоғары елдердің қатарында. Елде 3 миллион адам алғашқы дозасын салдырды, 2,2 миллион адам вакцинация процесін аяқтады.

Елде вирус жұқтырғандар саны 130 мыңға жақындады.  4600-ден астам адам қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар