Халиде Джеррар босатылды

Джеррардың Батыс Шерияның Дженин қаласындағы Салим әскери бақылау түйінінде босатылғаны білдірілді.

1710681
Халиде Джеррар босатылды

Палестина Халық азаттық шебінің Батыс Шериядағы лидерлерінен Халиде Джеррар босатылды. 

Жауланып жатқан Батыс Шерияда Палестина Халық азаттық шебінің лидерлерінен бұрынғы депутат Халиде Джеррар екі жыл түрмеде жатқаннан кейін азаттық алды. 

58 жастағы Джеррардың жақыны Өмер Неззал Анадолы Агенттігіне жасаған мәлімдемесінде Израиль ұйымдарының палестиналық лидерді босатқанын білдірді.

Неззал Израильдің солтүстігіндегі Дамон түрмесіне қамалған Джеррардың Батыс Шерияның Дженин қаласындағы Салим әскери бақылау түйінінде босатылғанын хабарлады.

Израиль ұйымдары Джеррардың 3 айдың алдында жүрек ауруынан қайтыс болған 31 жастағы қызы Суха Джеррардың жаназасына қатысуына рұқсат бермеген болатын. 

2019 жылы ақпанда 20 ай түрмеде жатқаннан кейін босатылған Джеррар 2019 жылы 31 қазанда қайта ұсталып, 1 наурызда 2 жыл түрме және 1200 доллар ақшалай жаза берілген болатын. 



Ұқсас жаңалықтар