Канар аралдарында жанартау атқылады

Ла-Пальма аралында соңғы бір аптада 21 мыңнан астам дүмпу тіркелгені білдірілді.

1708156
Канар аралдарында жанартау атқылады

Испанияның оңтүстік батысындағы Канар аралдары жүйесінің Ла-Пальма аралындағы Кумбре-Вьеха жанартауы атқылап бастаған соң 5 мыңға жуық адам аймақтан эвакуацияланды.

Соңғы бір аптада 21 мыңнан астам дүмпу тіркелген Ла-Пальмада (кеше) Кумбре Вьеха жанартауының жергілікті уақытпен 15:10-дан бастап лава атқылай бастағаны хабарланды.

Канар аралдарының автономды әкімшілігі жасаған мәлімдемеде кеше Ла-Пальмада 327 жер сілкінісі болып, жанартаудың 5 ауызынан жалын шыға бастағаны атап көрсетілді.

Испания премьер-министрі Педро Санчес Біріккен Ұлттар Ұйымының 76-шы Бас Ассамблеясына қатысу үшін баратын АҚШ сапарын кейінге қалдырғанын жариялады.

Эль-Пасо, Тасакорте, Лос-Льянос-де-Аридане, Эль-Парайсо және Алькала сияқты жанартаудың айналасындағы кейбір елді мекендердегі 5 мыңға жуық адам жандармерия тарапынан эвакуацияланды.

Лауазымдылар жанартаудың атқылауынан шыққан газдардың кері әсерінен халықтың болуы мүмкін тыныс алу қаупіне қарсы ескертілгенін хабарлады.

Сарапшылар вулканның алдағы күндері де белсенді болатынын болжауда.

Жер сілкінісі кезінде аралда қауіптілік деңгейі «сары» категория болған дабылдың жанартау атқылап бастағанда «қызыл» дабылға айналатыны атап көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар