Жаңа Зеландиядағы ковид-19 тыйымының мерзімі тағы созылды

Премьер-министр Ардерн кабинет жиналысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізді.

1705738
Жаңа Зеландиядағы ковид-19 тыйымының мерзімі тағы созылды

Жаңа Зеландиядағы ковид-19 тыйымының мерзімі тағы да созылды.

Коронавирустың Дельта штаммымен күресі жүріп жатқан Жаңа Зеландияда тыйымдардың мерзімі тағы созылды.

Елдің премьер-министрі Джасинда Ардерн кабинет жиналысынан кейін баспасөз мәслихатын өткізіп, Дельта штаммына қарсы жаңа шараларды жариялады.

Елдегі ең ірі қала Аукландта ертең түнде аяқталуы жоспарланған карантиннің 21 қыркүйек күні сағат 23.59-ға дейін тағы бір апта 4-ші деңгейде қалатыны білдірілді. Премьер-министр елдің қалған жерлерінде шектемелердің 2-ші деңгейде болатынын білдірді.

Ардерн елдегі жағдайдың 20 қыркүйек күні қайтадан талқыланатынын айтты.

Жаңа Зеландия Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, соңғы 24 сағатта 36 адамда ковид анықталды.  Олардың үшеуі елге шетелден оралған азаматтар.

Ковидке қарсы күресте ең табысты елдер арасында көрсетілген Жаңа Зеландияда вирус жұқтырған 3 мың 949 адамның 27-сі қайтыс болды.

Қазір елде 614 кісіде вирус бар. 21 адам ауруханада емделіп жатыр.



Ұқсас жаңалықтар