Ашраф Ғани кешірім сұрады

Ол өкінетінін айтты.

1705101
Ашраф Ғани кешірім сұрады

Талибан Ауғанстанды басып алғаннан кейін елден қашып, Біріккен Араб Әмірліктерін паналаған Ауғанстанның бұрынғы президенті Ашраф Ғани өз халқынан кешірім сұрады.

Ашраф Ғани Twitter -де жасаған мәлімдемесінде: «Кабулдан кету менің өмірімдегі ең қиын шешім болды» деді. Ол өкінетінін айтты.

Ғани Ауғанстан халқынан кешірім сұрап, 1990-шы жылдардағы азаматтық соғыс кезінде елде болғандар қайталанбауы үшін  кеткенін айтты.

Ғани өз халқын тастап кеткісі келмегенін, бірақ оның елден кетуден басқа амалы болмағанын атап өтті.

15 тамызда елден кеткені үшін ауған саясаткерлерінің қатты сынына ұшыраған 72 жастағы Ғани жақын арада “өзінің кетуіне себеп болған оқиғаларды» айтып беретінін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар