Мигрант балаларға дұрыс қарамағаны үшін сотқа берді

«Detention Action» қауымдастығы сотқа арыз берді.

1704518
Мигрант балаларға дұрыс қарамағаны үшін сотқа берді

Ұлыбританияда бір  қайырымдылық ұйымы Ішкі істер министрлігі мен Қалалық кеңесті елдегі мигрант балаларға дұрыс қарамағаны үшін сотқа берді.

Ұлыбританияның Ішкі істер министрлігі мен Қалалық кеңесі елге шағын қайықтармен жеткен балаларға «заңсыз қарағаны және кемсітушілік жасағаны» үшін сынға ұшырауда.

Істі қозғаған «Detention Action» қауымдастығы сотқа арыз берді. Олар  кәмелетке толмаған балаларды Ішкі істер министрлігінің орталықтарында бірнеше күн ұстап, тиісті көмек берілместен қонақүйлерге орналастырғаны үшін қылмыстық іс қозғады.

Кейбір жағдайларда балалар киімдерін немесе аяқ киімдерін неше күн бойы ауыстырмай өмір сүрген, заңдық көмек берілмей,  қаржылық қолдаусыз бірнеше апта бойы қонақүйлерде тұрған.

«Detention Action» «Қалалық кеңес балаларды орналастыру ережелерін бұзды  және Ұлыбритания азаматтары болып табылатын басқа балалармен салыстырғанда жаңадан келген мигрант балаларға тікелей жікшілдік жасады» деп айыптап отыр.

Қайырымдылық ұйымы осы іс бойынша екінші айыпталушы - Ішкі істер министрлігін кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қараусыз қалдырды және жергілікті билік жауапкершілігін орындамады деп кінәлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар