Талибан Меркельді Кабулға шақырды

Талибан мәлімдемешісінің сұхбаты жарияланды.

1703382
Талибан Меркельді Кабулға шақырды

Талибан Германиямен мықты және ресми дипломатиялық қатынас құрғысы келеді, сондықтан канцлер Ангела Меркельді Ауғанстанға шақырған.

Германиядағы «Билд» газеті «Талибан мәлімдемешісі Забихулла Муджахид канцлерді Кабулға шақырды» атты сұхбат жариялады.

Аталмыш сұхбатта Муджахид «Германияның Ауғанстанмен тарихи және жақсы қатынастар бар.  Германиямен мықты және ресми дипломатиялық қатынас болғанын қалаймыз» деді.

Забихулла Муджахид неміс үкіметінің Талибан үкіметімен мүмкіндігінше ең жақсы дипломатиялық қатынаста болуын қалайтындарын атап көрсетті.  Ол Берлиннен денсаулық, инфрақұрылым және білім саласында қаржылай көмек пен ынтымақтастық көргісі келетінін айтты.

«Билд» газетінің тілшісінің «Германия канцлері Ангела Меркельді Ауғанстанда жылы қарсы аласыз ба?» деген сұрағына Муджахид «Оны елімізде шыныменен ризашылықпен қабылдаймыз» деп жауап берді.

Германия әскери эвакуация операциясы аяқталғаннан кейін Ауғанстанда жұмыс істейтін жергілікті қызметкерлерді алып кету үшін Талибанмен келіссөз бастаған болатын. Айырықша неміс үкіметі болуы мүмкін босқын дағдарысының алдын алу мақсатымен Ауғанстанға гуманитарлық көмек беруге дайын екенін білдірген еді.

Неміс үкіметі Кабулды Талибан бақылауға алғаннан кейін елшілігін жауып тастаған болатын. Үкіметтің арнайы өкілі Маркус Потцел Дохаға барып, Талибан мүшелерімен осында байланыс жүргізген еді.



Ұқсас жаңалықтар