Ганаға вакцина жіберілді

АҚШ үкіметі Гана үкіметіне Модерна вакцинасын жіберді.

1703110
Ганаға вакцина жіберілді

Гана Америка Құрама Штаттарында жетілдірілген Модерна вакцинасының 1,2 миллион дозасын қабылдап алды.

АҚШ үкіметі Ковид-19 вакцинасының Жаһандық қолжетімділік бағдарламасы шеңберінде Гана үкіметіне Модерна вакцинасын жіберді.

COVAX бағдарламасы шеңберінде өткен ай да Гана үкіметіне 1,5 миллион доза AstraZeneca вакцинасы тапсырылған болатын.

Гана мемлекет басшысы әлем көлемінде вакцина тапшылығы бар екенін, алайда қазан айының аяғына дейін 18 миллион доза вакцина алуды мақсат еткендерін білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар