БҰҰ Ауғанстанға шұғыл жәрдем жеткізеді

Талибанның Ауғанстан халқына жәрдем жеткізілуі үшін ынтымақтастық жасауға кепілдік бергені білдірілді.

1703337
БҰҰ Ауғанстанға шұғыл жәрдем жеткізеді

БҰҰ Ауғанстанға тарапсыз және тәуелсіз гуманитарлық жәрдем беру кепілдігін қайталады.

БҰҰ Бас хатшысының Гуманитарлық мәселелер жөніндегі көмекшісі және Төтенше жағдайлар жөніндегі үйлестіруші Мартин Гриффитс астана Кабулда Талибан лидерлерімен бас қосты.

БҰҰ Бас хатшысының баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдемесінде Мартин Гриффитстің Талибанның басты лидерлерінен Молла Абдулгаи Бирадер және Кабулдағы Талибан лидерімен гуманитарлық тақырыптарда кеңесу үшін бас қосқанын айтты. 

Стефан Дюжаррик:

"Жиналыста Мартин Гриффитс мұқтаж болған миллиондаған адамға тарапсыз және тәуелсіз гуманитарлық жәрдем беру және қорғау кепілдігін қайталады" деді.

Мәлімдемеде Мартин Гриффитстің әйелдердің "жәрдеммен қамдаудағы ерекше ролін" баяндағаны және барлық тарапты әйелдердің құқығын, қауіпсіздігін және байлығын қамдауға шақырғаны білдірілді. 

Талибанның гуманитарлық жәрдемнің қауіпсіздігіне, ер-әйел гуманитарлық жәрдем қызметкерлерінің еркіндігіне кепілдік бергені білдірілді.

Талибанның Ауғанстан халқына жәрдем жеткізілуі үшін ынтымақтастық жасауға кепілдік бергені айтылған мәлімдемеде:

"Ауғанстанда өмірді құтқаратын гуманитарлық операциялардың жалғасуы үшін қаржыландырудың шұғыл арттырылуы керек" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар