"Америкалықтарды тұтқында ұстап отыр"

"Талибан АҚШ ұшақтарын жібермей отыр" деді.

1702998
"Америкалықтарды тұтқында ұстап отыр"

Америка Құрама Штаттары Өкілдер мәжілісі Сыртқы байланыстар комитетіндегі республикашылдардың басшысы МакКаул Талибанның Американың алты ұшағын қолында ұстап отырғанын айтты. Ол Вашингтон әкімшілігі Талибанды мойындағанға дейін осы кісілердің елден кетуіне рұқсат берілмейтінін алға тартты.

МакКаул Fox News телеарнасындағы бір бағдарламаға қатысып, Ауғанстаннан әлі эвакуацияланбаған Америка азаматтарының жағдайына байланысты пікірлерін білдірді.

Ол Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф әуежайында Америка азаматтары және АҚШ-қа көмектескен ауғандар отырған алты ұшақ бар екенін айтты.  Осы ұшақтардың 2-3 күннен бері АҚШ Сыртқы істер министрлігінен рұқсат алынғанына қарамастан көтерілмегенін алға тартты.

«Жағдай тұтқында ұстауға айналып барады. Америка Құрама Штаттары Талибан ұйымын толығымен мойындағанға дейін Америка азаматтарының елден кетуіне рұқсат берілмейді» деді ол.

МакКаул АҚШ Сыртқы істер министрлігі жариялағанға керісінше Ауғанстанда тек 100-200 емес, одан да көп Америка азаматы қалғанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар