Ахмет Месуд Талибанмен келіссөзге дайын екенін хабарлады

Ауғанстан Ғұламалар кеңесі тараптарды қақтығысты тоқтатуға шақырды.

1702971
Ахмет Месуд Талибанмен келіссөзге дайын екенін хабарлады

Ауғанстанның Панджшер уалаятын бақылауда ұстап тұрған топтардың лидері Ахмет Месуд Талибан жасақтарын егер Панджшер мен Андарабтан әкетсе,  келіссөзге дайын екендерін хабарлады.

Кабулдағы Ауғанстан Ғұламалар кеңесі тараптарды қақтығысты тоқтатуға шақырды. Месуд та Facebook арқылы хабарлама жариялады.

Ол бейбіт шешімді қалайтындарын айтып, «Ұлттық Тойтарыс майданы Талибан Панджшер және Андарабта шабуылдарын доғарып,  әскерлерін әкеткен жағдайда, түбегейлі бейбітшілікке жету үшін шайқасты тоқтатуға дайын. Ғұламалар және реформисттермен бір жиналыста келіссөз жүргізуге дайынбыз» деді.  

Месуд Ауғанстан халқының көбінің мұсылман екенін еске салып, Талибанның аталмыш аймақтарда «жихад» жүргізуінің діни және гуманитарлық жағынан мағынасыз екенін айтты. Ол Талибан шегінетін болса,  өздерінің де шабуылдан аулақ болатындарын білдірді.

Месудтың хабарламасына Талибан әлі жауап берген жоқ.

Ал Панджшер уалаятын толығымен бақылауға алғанын жариялады.



Ұқсас жаңалықтар