АҚШ Катар және Түркиямен бірге жұмыс істеуде

Энтони Блинкен Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайының тезірек қайтадан іске қосылуы үшін Катар және Түркиямен бірге жұмыс істеп жатқандарын білдірді.

1702293
АҚШ Катар және Түркиямен бірге жұмыс істеуде

Америка Құрама Штаттарының Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Ауғанстанның астанасы Кабулдағы Хамид Карзай Халықаралық әуежайының тезірек қайтадан іске қосылуы үшін Катар және Түркиямен бірге жұмыс істеп жатқандарын білдірді. 

Энтони Блинкен министрліктегі баспасөз жиналысында Ауғанстан тақырыбына тоқталды. 
Аталмыш жұмыстардың Катардың астанасы Дохада жалғасқанын баяндаған Блинкен апта аяғында Дохаға баратынын және бұл қалаға эвакуацияланған ауғанстандық азаматтарымен бас қосатынын айтты. 
Энтони Блинкен Дохадан кейін Германияның астанасы Берлинге баратынын және бұл жерде 20 елдің сыртқы істер министрлерімен бірге Ауғанстан тақырыбында жиналыс өткізетінін түсіндірді. 





Ұқсас жаңалықтар