Ресей ұшағының бомбалауында бір бала қаза тапты

Екі адам жарақат алды.

1702093
Ресей ұшағының бомбалауында бір бала қаза тапты

Сирияда «Идлиб қақтығысты баяулату аймағында» Ресей ұшақтарының бомбалауында бір бала қаза тапты. Екі адам жарақат алды.

Оппозицияның ұшақ бақылау орталығы Латакия қаласындағы Хумеймин базасынан көтерілген Ресей әскери ұшағының Идлибтің оңтүстігіндегі Кесафра ауылын бомбалағанын білдірді.

Азаматтық Қорғаныс медиа жауаптысы Фирас Халифа әскери ұшақтардың ауылды бомбалағанын,  бір баланың өлгенін,  екі адамның жарақат алғанын айтты.

Шабуылда бір мал қора мен кірпіш шеберханасы нысанаға алынған. Көптеген ұсақ мал да жойылған.

Басқа жағынан Башар Асад күштері Жебел Завие аймағында үш ауылды атқылады.



Ұқсас жаңалықтар