Ганада сел

Көптеген адам жоғалып кетті.

1701770
Ганада сел

Гананың солтүстік шығысында қатты жаңбыр себеп болған сел апатында 12 адам қаза тапты.

Ұлттық Апат және басқару ұйымының солтүстік шығыс координаторы Джон кваку Алхассан Налеригу аймағында соңғы күндері сел жүргенін айтты.

Алхассан селде 12 адамның қаза тапқанын,  көптеген адамның жарақат алғанын және жоғалып кеткенін білдірді. Оның айтуынша селде шамамен 1800 адам баспанасыз қалды. Көптеген егістік алаңына зиян тиді.


Этикеттер: #баспана , #сел , #Гана

Ұқсас жаңалықтар