Ауғанстанда азық-түлік таусылады

Халық гуманитарлық көмекке мұқтаж болады.

1701190
Ауғанстанда азық-түлік таусылады

БҰҰ Ауғанстандағы азық-түліктерінің осы айдың аяғында таусылатынын айтты. Азық-түлік көмегінің үзіліп қалуы мүмкін екенін білдіріп, ескерту жасады.

БҰҰ Ауғанстан Гуманитарлық көмек координаторы Рамиз Алакбаров Кабулдан видеоконференция арқылы жиналысқа қатысты.  Ол ел тұрғындарының үштен бірінің азық-түлік қауіпсіздігі жоқтығын  және халықтың гуманитарлық көмекке мұқтаж болатынын айтты.

«Қыркүйек айының соңында азық-түлігіміз таусылады. Негізгі азық материалдарын қамдай алмаймыз» деді ол. Алакбаров елдің гуманитарлық бір апатқа итермеленбеуі үшін гуманитарлық көмектің жалғасуы керектігін атап көрсетті. «Тек азық-түлік мұқтаждығын қамдау үшін кемінде 200 миллион доллар керек» деді ол.

Ол Ауғанстан үшін қажетті 1,3 миллиард долларлық көмек фондының тек 39 пайызының толыққанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар