Байден Ауғанстандағы соғысты аяқтатқанын қайталады

Байден Америка Құрама Штаттарының 120 мыңнан астам адамды шығарып, тарихтың ең үлкен әуе жолы арқылы эвакуациялау жұмысын жасағанын түсіндірді.

1700515
Байден Ауғанстандағы соғысты аяқтатқанын қайталады

АҚШ Президенті Джо Байден мемлекетінің Ауғанстаннан шегіну процесінінің тамамдалуынан кейін Ақ Үйде бір баяндама жасады.  "АҚШ Ауғанстандағы 20 жылдық соғысты аяқтады. Бұл АҚШ тарихындағы ең ұзын соғыс болды" деген Байден Америка Құрама Штаттарының 120 мыңнан астам адамды шығарып, тарихтың ең үлкен әуе жолы арқылы эвакуациялау жұмысын жасағанын түсіндірді. 

Сәуір айында Ауғанстандағы соғысты аяқтау шешімін жасағанын және шегінудің соңғы күн ретінде 31 тамызды белгілегенін еске салған Байден Ауғанстандағы соғысты аяқтау шешімінің дұрыс екенін айтып, Ауғанстан армиясының қысқа уақыт ішінде күйреуін межелей алмай қалғанын алға тартты. 
АҚШ-тың 5 мың 500 Америка азаматын елден шағырғанын және бұның ішінде 100-200 мөлшеріндегі адамның қалғанын баяндаған Байден "Қорыта айтқанда Ауғанстаннан кеткісі келген америкалықтардың 90 пайызын  эвакуацияладық. Қалғандар үшін нақтылы уақыт айту қиын. Шыққысы келсе оларға жәрдем береміз" деді. 
Соғысты аяқтату уақытының келгенін білдірген Байдан "Енді жаңа бір әлем бар. Террор қаупі Ауғанстанның маңына және барша әлемге төнуде" деген сөздер қолданды. 



 



Ұқсас жаңалықтар