Перуда аударылған кемеде 20 кісі қаза тапты

Апатта аударылған кемеде 20 адамның тұншығып қаза тапқаны, жоғалып кеткен 50 адамның ізделіп жатқаны хабарланды.

1700267
Перуда аударылған кемеде 20 кісі қаза тапты

Оңтүстік Африка елі Перуда екі кеменің соғылысуы салдарынан 20 жолаушы қаза тапты, кемінде 50 кісі жоғалып кетті.

Перу Амазоны аймағындағы Хуаллага өзенінен Юримагуас қаласына беталған жолаушы кемесі тұман себепті екінші бір кемемен соғылысты.

Ұлттық Азаматтық қорғаныс институты апатта аударылған кемеде 20 адамның тұншығып қаза тапқанын, жоғалып кеткен 50 адамның ізделіп жатқанын хабарлады.

Лауазымдыларапатқа ұшыраған кемеде 80 жолаушы болғанын жариялады.

Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Апаттан кейін жүзіп жағаға шыққан жолаушылар кемеде 20 бала бар екенін айтты.



Ұқсас жаңалықтар